• "Астрахань-Мангышлак" суағызғысы

    Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысы • Астрахань-Маңғышлақ суағызғысының жобасын КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің 1981.24.11 тапсырмасына, КСРОМК 1981.04.06 №512 қаулысына сәйкес «Союзводоканалпроект» жобалау институты 1985 жылы әзірледі. Суағызғының жобалық қуаты тәулігіне 260000 м3. Жобаға сәйкес Астрахань-Маңғышлақ суағызғысының ұзындығы 1041 км құрайды (Қиғаш-Жетібай). • Жоба бойынша суағызғы Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындарының, «Мангышлакнефть» және «Эмбанефть» бірлестіктерінің ауыз су,технологиялық және техникалық мұқтаждары үшін су беруге арналған. Тапсырмаға сәйкес Жаңаөзен қ., Жетібай к., Қаламқас, Қаражанбас және Теңіз кен орындары су тұнатын пункттер болып табылады. • Астрахань-Маңғышлақ суағызғысы 1988 жылы іске қосылды, 30 жылдан ұзақ пайдаланылып келеді. • Іс жүзінде суағызғының қауырт кезеңдердегі өнімділігі «Қиғаш» БТҚ учаскесінде тәулігіне 94000 м3 құрайды, оның ішінде ССС-8 – Өзен учаскесінде тәулігіне шамамен 70000 м3 құрайды. Суағызғының орташа жылдық өнімділігі тәулігіне 76000 м3 құрайды, оның ішінде тәулігіне 52000 м3 Маңғыстау облысы бағытында беріледі. • Магистральдық суағызғы бойынша су мұнай-газ өндіруші, өнеркәсіптік кәсіпорындарға, коммуналдық, бюджеттік ұйымдар мен ауылшаруашылық өндірушілеріне беріледі. • Бүгінде бүкіл суағызғы бойындағы су алу нүктелерінің саны 168 құрайды, тұтынушылардың саны – 244.

Компания туралы

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС

Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылды, заңды тұлға болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерінің және жарғы негізінде және оларға сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылып, қызметін жүзеге асыратын, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 20-үй мекенжайы бойынша орналасқан «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Серіктестіктің құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы (әрі қарай – Жалғыз қатысушы) болып табылады. Серіктестік мына фирмалық атауларының кез келгенін қолданады: мемлекеттік тілдегі толық атауы «Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, орыс тіліндегі толық атауы Товарищество с ограниченной ответственностью «Магистральный Водовод», ағылшын тіліндегі толық атауы «Main Waterline» limited liability partnership, мемлекеттік тілдегі қысқартылған атауы «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС, орыс тіліндегі қысқартылған атауы ТОО «Магистральный Водовод», ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы «Main Waterline» LLP. Серіктестіктің орналасқан жері: 060002, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі, 12-үй.

Толығырақ
Logo

Жобалар

Logo

Logo

Logo

Корпоративтік басқару

Logo

Денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған орта



Алтын ережелері

Толығырақ
Logo

ЕСЕПТІЛІК


Шоғырландырылған қаржы есептілігі

Толығырақ
Logo

САТЫП АЛУ

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС шешімімен келесі ішкі құжаттар бекітілді:

Толығырақ

Серіктестер